Жаңа мектеп жаңа серпін береді. Елімізде екі жылда ерекше үлгідегі 369 мектеп салу жоспарланған. Оның 217-сі биыл пайдалануға беріледі. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қолға алынған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бой көтереді. Жоба- білім ошағының жетіспеушілігі мәселесін шешіп, үшауысымды мектептерді азайтады. Астанада 15 мектептің іргетасы қаланған. Оқу ғимараттарында заманауи техникалық құрал-жабдықтармен қатар қауіпсіздік шаралары толық қарастырылған.
Нариман ЕЛАМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Биылдан бастап мына жайлы мектептерге жаңа талапқа сай отыратын орындықтар немесе интерактивный панель және де мектепке керек құрал жабдықтар жаңа талаппен алынады. Екі спорт зал болады. Тамақтану залы да басқаша болады. Жанағы бала өзі көз тартымды болғаннан кейін мектептің өзінің білімін ұштатуға өзінің серпінің беретін жайлы мектеп болады.