$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Наурыз" бағдарламасы: Биыл 12 мың отбасы баспаналы болады

"Наурыз" бағдарламасы: Биыл 12 мың отбасы баспаналы болады

Биыл «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы аясында 12 мың отбасы баспаналы болмақ. Жаңа бағдарлама Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған. Оған жыл сайын 200 млрд теңге бөлінеді. 

Мемлекет басшысы Атырауда өткен ұлттық құрылтайда халықты баспаналы ететін жаңа бағдарлама енгізу туралы айтты. Президент бұл бағдарламадан қала тұрғындарымен бірге, ауыл-аймақтағы жұрт та қалыс қалмауын міндеттеді. Осыдан кейін "Наурыз" бағдарламасы енгізілді. Бағдарлама барлығына арналған. Үй алуға ниеттілер депозит ашып, маусым айының соңына дейін өтінім бере алады. Бірінші кезекте жас отбасылар, моноқалалар мен аудандардың тұрғындары қатысады.

Ләззат ИБРАГИМОВА, «ОТБАСЫ БАНКІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Қазір бизнес-процестерді саралап жатырмыз. Енді жыл сайын қаңтар айында қазақстандықтар бағдарлама арқылы өтінім беріп, екі ай конкурсқа қатыса алады. Жоспар бойынша әр жылы Наурыз мерекесі қарсаңында конкурстан өткен азаматтарды баспанамен қамтамасыз етіп, халық қоныс тойын тойлайтын болады.

Экономистер жаңа бағдарламаның үйі жоқ тұрғындардың барлығына қолжетімді болғаны қуантады, дейді. Сондай-ақ халықтың осал топтарына 7, қалғандарына 9 пайызбен берілуі де әділетті екенін айтады.

Бауыржан ЫСҚАҚ,  ЭКОНОМИСТ:

Жалпы мемлекеттің бұл енді инклюзивті экономикаға бағытталуы, жалпы әлеуемттік экономикалық болып табылғандықтан бұл көптеген адамдарға үміт отын сыйлайтын дүние. сол үшін мемлекет толыққанды болмаса да, 5 пайызын, 8-10 пайызға дейінгі мөлшерін әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға берілетін жеңілдігі бар ипотекалық бағдарлама деп айтуға болады.

Жаңа бағдарлама 8 жылға арналған. Осы аралықта мемлекет тарапынан жеңілдетілген жаңа ипотекаға 1,7 трлн теңге, яғни жыл сайын 200 млрд теңге бөлінеді. Жалпы осы уақыт ішінде еліміздің 68 мың тұрғынын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған.