$494.87 €520.65 ₽4.91
×

97 мың азамат банкроттыққа өтінім берді

17.05.2024ж. 20:00
473
97 мың азамат банкроттыққа өтінім берді

Елімізде 97 мыңнан астам азамат өзін банкрот деп жариялауға өтінім берді. Оның 11 мыңы мақұлданып, 25 млрд теңге кредит кешірілді. Айта кетейік, өзін банкрот деп жариялаған азаматқа алты ай бойы тексеріс жүргізіледі. Жеке мүлкі болмауы тиіс. Несиесін бір жыл бойы төлей алмаған борышкердің қарызы кешіріледі.

Меруерт СЕЙСЕНБАЕВА, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ ДӘРМЕНСІЗ БОРЫШКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

75% адамның өтінішін біз мақұлдамай жатырмыз. Ол неліктен? Ол кезде азаматтың тіркелген мүлігі бар. Қарызы көп екеніне қарамастан банкроттыққа беріп жатады. Ол енді адами фактор.

Ал мүлікті жариялау декларациясының үшінші кезеңінде 3 миллион адамға міндеттелген. Биыл заңды тұлғалар, құрылтайшылар, кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсырады.

Әсемгүл МҰСТАФИНА, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫН ӘКІМШІЛЕНДІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Семинарда жалпыға бірдей декларацияның тәртібі мақсаттары, соның бәрін үйретеміз. Қойған сұрақтарға жауап береміз. Жалпыға бірдей декларация бірінші тәжірибе. Соған байланысты көп сұрақтар көтеріліп жатыр. Сол сұрақтарды осында талқылаймыз.