Әнші өзін тегін жарнамалап жүргендерге ризашылығын білдірді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Мөлдір Әуелбекова өз хейтерлеріне арнап видео түсіріп, оны өз әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол кейбір адамдардың өзін жамандап, әр жерде бөлісіп жүргендері үшін алғысын айтты.
«Хейтерлеріме. Мені ғайбаттап, әртүрлі парақшаларда жаман пікір жазып, уақыттарыңызды бөліп, мені теп - тегін жарнамалап жүргендеріңізге рақмет!», - деп жазды әнші.