$510.59 €578.91 ₽6.37
×

Астана тұрғындары қарасораны заңсыз өсіргені үшін сотталды

AstanaTV
18.05.2024ж. 17:44
1146
Астана тұрғындары қарасораны заңсыз өсіргені үшін сотталды

Мемлекеттік айыптаушы - прокурор өз үйінде сату мақсатынсыз жеке пайдалануы үшін құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз егіп, өсірген екі сотталушының кінәсін дәлелдеді.

Бірінші жағдайда, сотталушы үй бөлмесінде тұқымдар мен қажетті құрал-жабдықтарды алдын-ала сатып алып, каннабис өсімдігін (қарасора) өсірген.

Келесі жағдайда - өз үйінің бақшасында өсірген.

Сот үкімімен кінәлілердің әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.