$474.72 €515.17 ₽5.58
×

«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 7 мыңға жуық бала дүниеге келді

AstanaTV
19.05.2024ж. 08:47
515
«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 7 мыңға жуық бала дүниеге келді

2021 жылдан бері «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 7 мыңға жуық бала дүниеге келді. Ал биыл 4 айда тағы мың жарым әйелге жасанды ұрықтандыру жасалған. Жалпы, соңғы жылдары эко арқылы балалы болғысы келетіндер көбейген.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы басталғалы 21 мың әйелге көмек көрсетілген. Квота алған 8 мың әйел эко арқылы бала көтерген. Нәтижесінде 7 мыңға жуық сәби дүниеге келді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 28 мыңға жуық әйел бедеу есебінде тұр.