$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Павлодарда 1941 жылы шыққан қазақ хрестоматиясы табылды

AstanaTV
20.05.2024ж. 09:00
929
Павлодарда 1941 жылы шыққан қазақ хрестоматиясы табылды

 KAZINFORM  ақпаратынша, Бұқар жырау музейінің қызметкерлері ел арасынан 1941 жылы жарық көрген «Qazaq әdebietj» (Қазақ әдебиеті) хрестоматиясын іздеп тапты. Кітап латын тілінде, орта мектептің 9-сынып оқушыларына арнап шығарылған.

Көне оқулық Алматы қаласындағы қазақтың біріккен мемлекеттік баспасынан шыққан. Құрастырушысы – әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Есмағамбет Ысмайылов. 

Бұл кітап-оқулықтың ерекшелігі – кеңес заманының алғашқы жылдары шығармашылығына тыйым салынып, есімдерін ел айтуға қорыққан тұлғаларымыздың әдеби дүниелері жарық көрген. Сол тұстағы қазақ балаларына оқытылған.

Хрестоматияда Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәңгерей Бөкеев, Ақан сері Қорамсаұлы, Нармамбет Ормамбетұлы, Нұржан Наушабаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Ғұмар Қараш, Спандияр Көбеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Ығылман Көреков және тағы басқа әдебиет өкілдерінің, жалпы саны 20 ақын-жазушының шығармалары басылған. 

Жәдігер-кітапты музейге Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылының тұрғыны, зейнеткер Нұраш Бейсембаева тапсырды. Нұраш Мұқажанқызының айтуынша, хрестоматияны ауылдық мектепте ұзақ жылдар ұстаздық еткен Жүсіп Төлеутеміров атты ел ағасы сақтап келген екен. Кейін мектеп күрделі жөндеуден өткен уақытта ескі қағаздар арасынан табылған.