$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Аутизмге шалдыққан балалар білім алуға, спортпен шұғылдануға құқылы", - Д. Гаплан

20.05.2024ж. 20:00
460
"Аутизмге шалдыққан балалар білім алуға, спортпен шұғылдануға құқылы", - Д. Гаплан

Елордада "AMANAT" партиясының қолдауымен "Run for Autism" қайырымдылық марафоны өтті. Аутизм дертіне шалдыққандардың қабілеттерін ашуға және көпшілік назарын аудару мақсатында ұйымдастырылған жарысқа екі мыңнан астам адам қатысты. Шараға 13 млн теңгеге жуық қаражат жиналған. Қаржы инклюзивті білім беруді дамытуға, аутизмі бар балаларды қолдауға, «Әрбір бала мектепке лайық» жобасына бағытталады. Айта кетейік, елімізде бұл дертке шалдыққан 16 700 бала бар. 

Қаламқас ШАЙКЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгінгі болып жатқан қайырымдылық жүгіріс менің ойымша балаларға тең мүмкіндік сыйлайды. Осындай балаларға өз құрдастарымен теңдей білім алуға, тәрбие алуға, ортаға қосылуға үлкен мүмкіндік береді деп есептеймін.

Динара ҒАПЛАН, "БОЛАШАҚ" КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Аутизм туралы адамдардың көбірек білгені маңызды. Бұл дертке шалдыққан балалар ерекшелігіне қарамастан мектепке, балабақшаға барғысы келеді. Олар білім алуға, спортпен шұғылдануға құқылы. Бүгінгі шараны осы мақсатта жасап жатырмыз. Адамдар ерекше жандарға әрдайым көмек көрсетуі, мейірім мен жылуын төгуі дертке шалдыққандарға өте маңызды.