Түркістан облыстық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі операция жасады. Дәрігерлер 7 жасар баланың бауыр тұсынан бір уыс құртты алып шықты. Науқас бала 10 мамыр күні Сарыағаш аудандық орталық ауруханасынан Түркістан облыстық балалар ауруханасына жедел түрде ауыстырылған.
Облыстық балалар ауруханасының медицина мамандары пациентке толық тексеру жасаған. Мамандар науқасты отаға 2 күн дайындаған.
Операция кезінде хирург науқастың бауыр тұсынан 15-16 сантиметрге жеткен 9 эхинакокты киста алып шыққан. Баланың қазір жағдайы жақсы, ауруханадан үйіне шығарылған.