Ордабасы полициясы ұрлық жасаған 36 жастағы күдіктіні анықтады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Белгілі болғандай, ер адам су құбырларын жүргізу жұмысы болып жатқан мекенжайдан су есептегіш құралдың 600 данасын ұрлаған.
Жәбірленушіге 5миллион теңге шығын келген.
Ал ұрланған затты темір қабылдайтын орынға өткізіп жіберген.
Полиция қызметкерлері айғақты затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.