$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайды қабылдады

21.05.2024ж. 20:00
768
Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайды қабылдады

Маңғыстау өңірінің экономикасын әртараптандырып, жаңа өндіріс орындарын ашу және дамудың тың бағыттарын қолға алу керек. Мемлекет басшысы аймақтың жаңа әкімі Нұрдәулет Қилыбайға осындай міндеттер жүктеді. Сондай-ақ Ақтау қаласы мен оның төңірегіндегі елдімекендерді жылумен, ауызсумен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындардың инфрақұрылымын жөндеп, жұмысты жаңғыртуды тапсырды. Сонымен қатар, "Каспий" су тұшыту зауытының қуатын арттырып, жеке инвестициялар есебінен сумен қамтамасыз ету нысандарын іске қосу қажет деді.