$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Қазақстандық әншінің туындысы әлемдік хитке айналды

AstanaTV
21.05.2024ж. 21:35
940
Қазақстандық әншінің туындысы әлемдік хитке айналды

Jazzdauren деген лақап атпен өнер көрсететін қазақстандық әнші Жандәурен Аблаевтың бейнебаяны әлем хитке айналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Әйелдерге гүл сыйлаңыздар" бейнебаяны YouTube желісіне 2024 жылдың 1 наурызында DDrecords шығармашылық бірлестігінің парақшасында жүктелген. Содан бері ол 35 миллионнан астам қаралым жинап үлгеріпті. Осы статистика арқылы бейнебаян YouTube Music Global Charts рейтингінде әлемдегі ең үздік 100 бейнебаян тізіміне енді.

Бір қызығы, бейнебаянда ешқандай сюжет жоқ. Бүкіл ән бойына көрермендер қолында гүл ұстаған ер адамның суретін ғана көреді, әннің сөзін ғана көре алады. 

Атыраулық кәсіпкер әнші Қайрат Нұртасты сотқа берді

Тыңдармандар әннің стилі марқұм ресейлік орындаушы Юрий Шатуновтың орындауын еске түсіретінін атап өтті.