$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Астананың қақ ортасында тапаншадан оқ атқан ер адам ұсталды

AstanaTV
22.05.2024ж. 19:31
249
Астананың қақ ортасында тапаншадан оқ атқан ер адам ұсталды

Бүгін Астана қаласының полиция департаменті қала тыныштығын бұзған адамдардың үстінен қылмыстық іс ашылғанын мәлімдеді.

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, «Киа» маркалы автомашинаның ауаға оқ атқан жүргізушісін анықтап, ұстады. «Glock» маркалы тапанша тәркіленіп, сараптама тағайындалды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Бұған дейін желіде «21 мамырға қараған түні Астанада «Думан» қонақ үйінің жанындағы автотұрағында белгісіз адам тапаншадан оқ атты» деген хабарлама тараған болатын.

Екі жігіт тапаншамен оқ атқаннан кейін жасырынуға тырыспаған. Олар әлеуметтік желіге суреттері мен видеоларын жүктеген.