$450.79 €482.21 ₽5.05
×

Шымкент тұрғыны жолда келе жатып марихуана шеккен

AstanaTV
23.05.2024ж. 00:50
554
Шымкент тұрғыны жолда келе жатып марихуана шеккен

Шымкент қаласында көшедегі бейнекамераларды бақылайтын инспекторлар көлігінде отырып, есірткі шегіп, ары қарай қалада жүре берген жігітті анықтады.

Патрульдік полиция инспекторлардың ақпаратына сүйене отырып, Kia Rio автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгініндегі ер адам масаң күйде отырған.

«Жүргізуші автотұрақтардың біріне тоқтап, есірткі шегіп алады да ары қарай көлікпен жүре берген. Медициналық сараптама ер азаматтың есірткіге мас екенін растаған. Заң бұзған жігіт 15 тәулікке қамалды», - деп хабарлайды polisia.kz.

Сонымен қатар, ол 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны хабарланып отыр