$451.38 €487.22 ₽5.14
×

Атырауда тасқын болған жағдайда 94 медициналық бригада қызмет көрсетеді

AstanaTV
22.05.2024ж. 21:04
344
Атырауда тасқын болған жағдайда 94 медициналық бригада қызмет көрсетеді

Атырау қаласында су тасқыны орын алған жағдайда, эвакуациялық пунктерде тұрғындарға қызмет көрсететін медициналық бригада ұйымдары бекітілді. 

Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев хабарлады. 

«Атырау қаласында қазір 94 эвакопункт дайын тұр. Бұл эвакопунктердің барлығында медициналық кезекші бригадасы құрылды. Бұдан бөлек, инфекциялық ауруханада қосымша стационарлық 200-ден астам резервтік орын дайындалды. Қажет болған жағдайда модульдік аурухананы жұмылдырамыз. Сондай-ақ, тасқынға байланысты ахуал қиындайтын болса, Атырауға 100-ден астам дәрігерлерді тарту жөнінде шешім қабылданды» деді спикер.

Облыста 52 жедел жәрдем көлігі бар, оның 30-ы қалада және 22-сі аудандар бойынша бөлінген. Одан бөлек, басқа медициналық ұйымдар арасында науқастарды тасымалдау үшін резервтік 11 көлік қарастырылды.

Қазіргі уақытта қала бойынша 26 жедел-жәрдем бригадасы жұмыс жасауда, қажеттілік туындаған жағдайда қосымша 4 бригада қарастырылған.