$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Оралда су басқан үйді бағамдады

AstanaTV
22.05.2024ж. 21:29
452
Оралда су басқан үйді бағамдады

Қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев, ЖКХ өкілі Жанболат Қайыржан журналистермен бірге барып, техникалық бақылау жүргізушілердің жұмысына куә болды.

Алдымен Самал шағын ауданындағы Бирюса, 23 көшесіндегі Виктор Киверов пен Роман Кондратскийдің үйлеріне зерттеу және бағалау жұмыстарын жүргізген бақылаушылармен кездестік.

Сарапшы Едірес Мейрамбектің айтуынша, В.Киверовтың үйі тұруға жарамды, тек едені, түсқағазы, есіктері судан зардап шеккен. Біз қорытынды жасап, мүліктің тізімін бағалаушыға тапсырамыз. Олар бағасын қойып, жөндеуге қажетті қаражат көлемін шығарады.

Екінші үйді бақылаған Тоқтамыс Хамзиннің айтуынша, Роман Кондратскийдің баспанасы тұруға жарамды. Үйінің есіктері, едені зардап шеккен. Үйінің фундаменті мықты. Сондықтан жөндеуге керекті ақшаны бағалаушылар есептеп шығарады,-деп түсіндірді.

Қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев:

-Шаған, Деркөл өзенінің жайылып кетуіне орай көптеген үйге тексеріс жүру қиынға соғуда. Бүгінде 2000-нан аса үйге техникалық тексеріс жүрді. Бұл жұмыс жалғаса береді,-деді.