$450.79 €482.21 ₽5.05
×

"Ақылы бар әйел кемшілігін көрсетпейді": Айжан Нұрмағамбетова қыздарға қатысты ойын айтты

AstanaTV
23.05.2024ж. 15:49
481
"Ақылы бар әйел кемшілігін көрсетпейді": Айжан Нұрмағамбетова қыздарға қатысты ойын айтты

Отандық эстрада жұлдызы Айжан Нұрмағамбетова қыздарға қатысты ойын айтты. Өнер иесі нәзік жандыларға қойылатын талаптарға қатысты өз пікірін "Оян" бағдарламасында жеткізді.

Әңгіме барысында Айжан Нұрмағамбетова ақылы бар әйелдердің артықшылығы басым екенін атап өтті.

"Сіздерге әйелден не ұнайды деп айтады ғой. Біреу көз, біреу аяқ дейді. Мен ер азамат болсам, әйелдің миы болсын дер едім. Ми бар, ой бар, ақылы бар әйел өзінің жақсы нәрселерін ғана көрсетеді, кемшіліктерін көрсетпейді", - деді ол.

Әнші қазіргі жастарға қызығатынын да жасырған жоқ.

"Мен жастарды қызғанбаймын, олармен мақтанамын. Бірақ оларға қарағанда "әттең, неге ерте тудым немесе неге ерте қартайдым" деймін. Былай киінгенде біреулер "бұлай дұрыс емес қой, жасы келді ғой" деп айтатын шығар. Ал маған ұнайды. Жалпы бір сұқбатымда "Мен – Қазақстан эстрадасының Томирисімін" деп айтқанмын. Ең бірінші қысқа киім киген, ең бірінші шашын аққа бояған, ең бірінші басқа тілде ән айтқан мен", - деп атап өтті әнші.