$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда аудан әкімдігі 43 жетім баланы тұрғын үй кезегінен негізсіз алып тастаған

23.05.2024ж. 20:00
436
Қызылжарда аудан әкімдігі 43 жетім баланы тұрғын үй кезегінен негізсіз алып тастаған

Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімдігі 43 жетім баланы тұрғын үй кезегінен негізсіз алып тастаған. Мұны прокуратура органдары арнайы тексеріс кезінде анықтады. Құзырлы орган өкілдері балалардың құқығын қорғау бағытында барлық аудандық әкімдіктерді тексеріп, 30 түрлі заңбұзушылықты әшкерелеген. Мәселен, Ақжар ауданы мен Петропавл қаласында алты жасөспірім дер кезінде тұрғын үй кезегіне қойылмаған. Ал Қызылжар және Тимиряз аудандарында алиментті төлеу бойынша жұмыстар нашар орындалған.

Ғалымжан ҚАЗЫБЕК, СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Жалпы тексеріс бойынша қадағалау актілері енгізілді. Олар бойынша 8 лауазымды тұлға, оның ішінде екі ауданның білім бөлімінің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Барлық заңбұзушылықтар жойылды.