$450.79 €482.21 ₽5.05
×

Түркістан облысының түлектері жалғызбасты анаға баспана сыйламақ

Түркістан облысының түлектері жалғызбасты анаға баспана сыйламақ

Түркістан облысында Ордабасы ауданы Темірлан ауылының 2004 жылғы мектеп бітірушілері мұқтаж отбасылардың біріне баспана сыйламақ. Аудан орталығындағы қос қабатты тұрғын үйден екі бөлмелі пәтерді бірігіп сатып алған. Әктеп, сырлау жұмыстарын аяқтаған жігіттер дәл қазір кілемін төсеп, пердесіне дейін өздері іліп жатыр. Көпбалалы отбасыға жиһаздарына дейін алып бермекші. Бұл баспана аудандағы жалғызбасты аналардың біріне тапсырылады. «Темірландағы ең мұқтаж деген жанды таңдап алдық. Әзірге ол отбасы өзіне жасалғалы жатқан тосын сыйдан бейхабар»,- дейді түлектер. Пәтер кілтін ертең, яғни соңғы қоңырау күні өмірден өткен ұстаздары мен сыныптарының рухына құран бағыштау кезінде жалғызбасты анаға хабарласып, сүйінші сұрамақ. 

 Нұрболат ОРЫНТАЕВ, ТЕМІРЛАН АУЫЛЫНЫҢ ТҮЛЕГІ:

 Бұл енді біздің қайырымдылық ісімізді басқада түлектер бар, 10 жылдық, 20 жылдық түлектеріміз бар, солар әрі қарай жалғастырып, қаншама жетім отбасылар бар әке-шешесінен айрылған, жалғызбасты аналар бар. Солардың барлығына әйтеуір кішкене болсын үлестерін қосып, үйлі болып, осы мақсатымызды әрі қарай жалғастырса деген ниетіміз бар енді.

Ал Ордабасы ауданындағы Қажымұқан ауылының түлектері ауыл сыртынан аллея салып жатыр. Бұл ауылда 400 -дей үй бар. Бұрын мұнда саябақ болмаған. Үш мыңдай тұрғын кешқұрым серуендейтін орын жоқ дейді түлектер. Аудан әкімінің қолдауымен 25 соттық жерді заңдастырып алғандарын айтады. Сыныптастар демалыс орнын өздері қоршап, жарықтандырып, жолды да өз күштерімен бетондапты. Енді көгалдандыру жұмыстары қалды. Жасыл желек егіп, айналаны гүлдендірмекші. Мұнда әр түлектің еңбегі барын айтқан жастар осында балаларға ойын алаңқайларын жасап, спортпен шұғылданатын қажетті құралдар қоймақ.

 Нұрболат ҮНДЕМЕСОВ,  ҚАЖЫМҰҚАН АУЫЛЫНЫҢ ТҮЛЕГІ:

 Үлкен аталарымыз, апларымыз осы жерге келіп немерелерін ойнатып жүрсін деген мақсатта. Одан кейін ауылымыздың кішкентай балалары осы жерде ойнап, дене шынықтырып, осындай мақсатта барлығымыз ақылдасып осы оййды құптадық. +Мақсатымыз осы , әр түлек ауылда бір зат жасасақ туған елімізге еңбегіміз сіңсе деген мақсатта осындай ізгі амал жасап жатырмыз.