$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылорда облысында 49 ауылда соңғы 2 жылда қылмыс тіркелмеген

Қызылорда облысында 49 ауылда соңғы 2 жылда қылмыс тіркелмеген

Қызылорда облысында 49 ауылда соңғы 2 жылда қылмыс тіркелмеген. 18 ауылда спирттік ішімдік сатылмайды. Дегенмен, облыста оқушылар арасындағы топтық төбелес, құқық бұзушылық тыйылмай тұр. Бұл орайда ата-аналардың жаупкершілігін күшейту қажет дейді облыс прокурорлары. Ұсыныс та енгізіліп, жұмыс жасалуда.

Жыл басынан бері облыс прокурорларымен мемлекет бюджетіне 500 млн теңгеден аса қаржы өндірілген. Ал кадастрлық құны 23 млн теңгені құрайтын 21 жер учаскесі мемлекетке қайтарылған. Сонымен қатар халықтың да құқығы қорғалып, ауыз су тарифін төмендетуге де ұсыныс енгізіліпті.

Рижабек ОЖАРОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ:

Облыс бойынша халықты ауызсумен қамтамасыз ететін Арал кәсіпорындары бірлескен дерекциясы облыстық филиалы 2023 жылдың қорытындысымен тарифтік сметаны 460 млн теңгеге орындамаған. Бұл ретте тарифтің орындалмаған суммасын тұтынушыларға қайтаруға тариф төменделуге жатады. Алдағы уақытта тарифті 30 теңгеге төмендету күтілуде.

Салада атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 123 мың азаматтың құқығы қорғалған. 600-ден астам кәсіпкердің мәселесі шешіліп, 14 лауазымды тұлға жауапқа тартылыпты. Соның нәтижесінде 578 млрд теңгені құрайтын 5 инвест жоба бойынша кедергілер жойылған.

Рижабек ОЖАРОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ:

Сырдария ауданы бойынша сұйытылған табиғи газ өндіретін зауыты жобасы бойынша инвестор 3 гектар жерді табыстаудан мерзімдері кемітіп берілген, инвестордің құқығы шектелген. Қадағалау актісі негізімен шешімі заңға сәйкетендірілді.

Сала мамандарының айтуынша, 144 ауылдық округтің 49-ында соңғы 2 жылда қылмыс тіркелмеген. 18 ауылдың дүкендерінде арақ-шарап сатылмайды. Бұл ахуалдың тұрақтылығының басты себебі дейді олар. Алайда, интернет алаяқтарынан алданғандар саны азаймай тұр. Соған сай мамандар жаңа жобаны қолға алмақ.

Мәди СӘРПЕКОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінге біз IT –тергеу деген жоба әзірледік. Осы нақты алаяқтарды ашуға да, жобамыз толығымен жүзеге асса әшкеоелеуге өте тиімді. Себебі қазір көп әрекеттер телефон арқылы жасалады. Яғни интернет қолдану арқылы.

Прокурорлар қазір тергеу саласын жетілдіру мәселесіне ерекше ден қоюда. Сала мамандарының біліктілігін арттыру да басты назарда.