$479.23 €534.96 ₽5.16
×

“Ғарышкер деп ат қойдым". Димаш Құдайберген Тоқаевтан алған сыйлығын көрсетті

AstanaTV
25.05.2024ж. 13:20
715
“Ғарышкер деп ат қойдым". Димаш Құдайберген Тоқаевтан алған сыйлығын көрсетті

Әлемдік хитмен Димаш Құдайберген ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан алған сыйлығын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасында жариялады. 

Осыдан бірнеше ай бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тазы сыйлап, ерекше тарту жасаған еді. Оған "Ғарышкер" деп ат қойып, содан бері сенімді серігіме айналған болатын. Жеті қазынаның біріне саналатын тазыны қазақ халқы қадірлей білген. Осындай тамаша, баға жетпес қазынаны тарту еткен Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сізге елге қызмет істеу жолында қажымас қайрат, күш-қуат тілеймін! Сізге шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас қуат және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Ел болашағы жарқын болсын", - деп жазды әнші.