$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Бастарын терезеден шығарып, жолдың қарсы бетіне шыққан": Алматы облысында көлік айдаған түлектер жазаға тартылды

AstanaTV
25.05.2024ж. 17:30
788
"Бастарын терезеден шығарып, жолдың қарсы бетіне шыққан": Алматы облысында көлік айдаған түлектер жазаға тартылды

Алматы облысында көліктің терезесінен бастарын шығарып, жол ережесін бұзған түлектер видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

24 мамырда Алматы облысында бір топ жастың көлік жүргізіп, төтенше жағдай туғызған видеосы пайда болды. Кортежде бес көлік болды, олар терезеден денелерін шығарып, жолдың қарсы бетіне шығып, басқа көліктерге кедергі келтірді.

Алматы облысы ІІД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оқу жылының аяқталған тойлап, жаппай автошеру ұйымдастырған бір топ жасты ұстады.

Тексеру барысында полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзушыларға 16 әкімшілік хаттама толтырды. Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, олар 18-ге енді толып, жүргізуші куәлігін жақында алған.

"Біз түлектердің оқу жылының аяқталуын тойлағанын түсінеміз, бірақ жол қозғалысына қауіп төндірмеу үшін мұндай шаралар заң аясында өтуі керек", – деп түсіндірді Алматы облыстық жол полициясы басқармасының бастығы Бауыржан Әленов.

Тәртіп бұзушылардың көліктері ұсталып, айыппұл бекетіне орналастырылды. Енді олар әр хаттамаға сай айыппұл төлейді.