$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда су деңгейі шекті мөлшерден жоғары тұр

AstanaTV
26.05.2024ж. 12:06
2679
Атырауда су деңгейі шекті мөлшерден жоғары тұр

Атырау облысындағы Жайық өзенінің су деңгейі туралы 26 мамыр күнгі 08:00 сағаттағы мәліметтер жарияланды.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы таратқан дерек бойынша:

⁃ Индербор ауылында - 7 см, су деңгейі - 982 см, шекті деңгейі - 845 см;

⁃ Махамбет ауылында - 5 см, су деңгейі - 1020 см, шекті деңгейі - 850 см; 

⁃ Атырау қаласында + 4 см, су деңгейі - 595 см, шекті деңгейі - 550 см;

⁃ Жаңаталап ауылы +3 см, су деңгейі - 430 см, шекті деңгейі - 500 см;

- Еркінқала ауылы +3 см, су деңгейі - 387 см, шекті деңгейі - 450 см.

Айта кетейік, өткен түнде Атырау облысындағы Талдыкөл ауылының тұрғындары эвакуацияланды.

Ауыл жолының үстінен су жүруіне байланысты жергілікті тұрғындарды алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылданды. 121 адам, оның ішінде 41 бала жүзу құралдарының көмегімен ауылдан кетті. 26 ауыл тұрғыны Атырау қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізіліп, орналастырылды. 90-нан астам адам туыстарының үйлеріне барды.