$450.79 €482.21 ₽5.05
×

Димаш Құдайбергеннің концертінде тосын сый жасалды

AstanaTV
26.05.2024ж. 15:47
4316
Димаш Құдайбергеннің концертінде тосын сый жасалды

Шетелде үлкен концерт беріп, туған күнін атап өткен Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде тағы бір видеомен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші 25 мамырда Instagram-дағы парақшасында Ыстамбұлда (Түркия) өткен концертінен түсірілген видеоларды жариялады. Видеода әлемнің түрлі елдерінен жиналған мыңдаған жанкүйерлер "Махаббат Бер Маған Тағдыр" әнін шырқады. Димаштың өзі болса, оларға сахнадан қолдау беріп иығына Қазақстан туын жамылып тұрды.

"Рақмет. Бұл таңғажайып түн болды. Рақмет, қымбаттыларым", - деп жазды Димаш Құдайберген желіде.