$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда екі балық инспекторы браконьерлікпен айналысты деген күдікке ілінді

AstanaTV
26.05.2024ж. 19:46
1932
Атырауда екі балық инспекторы браконьерлікпен айналысты деген күдікке ілінді

20 сәуірде тіркелген факті бойынша үш күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-тармағы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Ақжайық.

Белгілі болғандай, 18,5 келі бекіре балығы тәркіленген.

ПД мәліметінше, күдіктілердің екеуі балық қорғау инспекторы, ал үшіншісі - азаматтық тұлға.

Тергеу мүддесі үшін егжей-тегжейі хабарланбайды.

Еске салсақ, мамырдың басында акция басталғалы бері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдары және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп 533 табиғат қорғау заңнамасын бұзу дерегі анықталып, жолын кескені, нәтижесінде 386 тұлғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланды. Бұдан басқа, браконьерлік және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін заңсыз ұстауға қатысты 50 қылмыстық іс қозғалды.

Заң бұзушыларға 11,6 млн теңге айыппұл салынып, заңсыз айналымнан 9 тонна 729 кг балық тәркіленді, оның ішінде бір тонна 412,2 кг бекіре тұқымдас балық түрлері, 6 кг 028 г бекіре балығының уылдырығы, 82 бірлік аулау құралдары және 25 бірлік су көлігі бар.