Алматыда екі жас қыздың жігітті аяусыз ұрып-соққан видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық полиция департаменті нің мәліметінше, аталған іске қатысты бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа да мән-жайлар анықталады», - делінген хабарламада.