$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Соколок арнасының бөгеттерін нығайту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

AstanaTV
27.05.2024ж. 11:20
2311
Соколок арнасының бөгеттерін нығайту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

 Қаланың басты қорғаныс құрылымы саналатын Соколок арнасының жағасын бекіту жұмыстарына 30-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, 100-ге жуық азамат тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

- Қазірде жұмыстар қарқынды, бөгеттерді қосымша биіктетіп, қаланы аман алып қалу үшін барлық күшті жұмылдырып жатырмыз. Осы жұмыстардың арқасында тасқынға төтеп береміз деп ойлаймын. Егер өзен суы бөгетті жарса, арнайы жоспарымыз бар. Оған барлық күштік құрылым сақадай сай тұр, - деді О.Сұлтанов.

Соколок арнасы бойымен нығайтылған бөгеттің жалпы ұзындығы - 32 шақырым, ал тұрғызылған бөгеттің биіктігі - 3 м,-деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.