$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Алматы облысында туристер мінген автобус аударылды

AstanaTV
27.05.2024ж. 13:32
2467
Алматы облысында туристер мінген автобус аударылды

Кеген ауданы, Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумақта туристер мінген автобус аударылып, 25 адам ауруханаға түскен. 

Ақпарат бойынша автобус "Қазавтожол" желісіне жататын "Аласа" асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметі түсінік берді.

27 мамыр күні сағат 10:20-да Алматы облысы, Кеген ауданы, Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумақта туристер мінген автобуспен жол апаты орын алды. Алдын ала ақпарат бойынша, автобус "Қазавтожол" желісіне жататын "Аласа" асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Автобуста 37 адам болған, – деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

Жол апаты бойынша адам шығыны тіркелмеген.

Оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз, тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, туристер дәрігерлердің бақылауында, – дейді баспасөз қызметі.