$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Жантүршігерлік жол апатынан 11 адам қаза тапты

AstanaTV
27.05.2024ж. 14:39
4370
Жантүршігерлік жол апатынан 11 адам қаза тапты

Түркияда болған жантүршігерлік жол апатынан 11 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Halk TV телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Мерсин қаласында болған.

Бұл ақпаратты "Мерсин" губернаторы Али Гамзу Пехливан растады.

"Губернатор Али Гамзу Пехливан автомагистральда автобуспен бірнеше көлік соғысып, жол апатынан 11 адам қайтыс болғанын, 30 адам жарақаттанғанын мәлімдеді", - делінген хабарламада.