$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Семейде бес қабатты үйдің шатыры опырылып түсті

AstanaTV
27.05.2024ж. 15:00
1350
Семейде бес қабатты үйдің шатыры опырылып түсті

Семейде бес қабатты тұрғын үйдің шатыры жартылай жұлынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 мамыр күні сағат 17:45 шамасында Абай ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің пультіне көпқабатты тұрғын үйдің төбесі салбырап, құлау қаупі бар екендігі туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлады қала әкімдігі.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жалпы 160 шаршы метр шатырдың 70 шаршы метрі шығып кеткенін айтты.

1984 жылы салынған үй Глинка көшесі, 35-үйде орналасқан.