$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанай жылқысының бәйгесі өтті

27.05.2024ж. 20:00
1537
Қостанай жылқысының бәйгесі өтті

Тобыл өңірінде Қостанай жылқысының республикалық бәйгесі өтті.Аламанға жетпістен астам арғымақ шықты. Ат жарысы 18 шақырымға дейін созылды. Жүлде қоры -19 миллион теңге. 

Жарыстың межесі- қазақтың қазанаты Қостанай жылқысының деңгейін көрсетіп, беделін асқақтату.Дүлдүлдер дүбіріне өңір жүйріктерінен бөлек Ресей, Ақмола, Қарағанды, Астана қаласынан келген арғымақтар қатысты. 5 қашықтық бойынша жетпіс жүйрік аламанға түсті.

Нұрбол ӘБДІРАХМАНОВ , ОБЛЫСТЫҚ АТ СПОРТЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Биылғы жылы аттың саны да көп. Сапасы да жақсарған.Жігіттер қыс бойы дайындалды.Биыл бес бәйге болады ғой.Соған 96 миллион ақша бөлінген.

Қостанай жылқысының саны қазір 300-ге жетпейді. Оның тұқымын сақтап, көбейту үшін арнайы заң жобасы әзірленді. Бұл жоба жуырда Парламенттің төменгі палатасында мақұлданып, Сенатқа жіберілді.

Тастанбек ЕСЕНТАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Және республикалық комиссияның шешімімен Қостанай жылқысын субсидиялауға 600 млн теңгеге жуық ақша бөлінді. 5 жылға. Осыны Қостанай жылқысымен айналысып жатқан, шаруалар, қожалықтардың алуына мүмкіндіктері бар.

Асыл тұқымды сәйгүліктер бұл жолы 1000 метр, 1800 метр ұшқыр бәйгеде бақ сынады. Құнандар 5 шақырымға шапты.Аламан бәйге - 18 шақырым.

Руслан ТАҢҚЫБАЕВ, АТБЕГІ:

Біздің Қостанай жылқысы ешқай жылқыдан кем емес.Біз ұялмай жорыққа да жорыта аламыз.Ұялмай аламан бәйгеге де түсіе аламыз.Міне классикалық қашықтық та да ұшқырлықтарын, жылдамдықтарын көрсетіп жатыр.Бізде жетістіктеріміз өте үлкен.

Санжар САНАЙ, ШАБАНДОЗ:

Құнан бәйге 5 шақырым шаптық.Қыстан бері дайныдалып жатырмыз. Сол екінші келдім.Екінші орын.Өзіме жақын.Аттарды жақсы көрем.Бала кезімнен айналысам.Өзім түсінем.Тыңдайды.

Аламан бәйге жүлдесі Қарағанды облысының жүйрігіне бұйырды. Екінші, үшінші боп Қостанай тұлпары келді. Көмбеден бірінші көрінген қылқұйрықтылар енді V-ші көшпенділер ойынында жарысады.