Елімізде көлік логистика саласында маман тапшы. Бір ғана Павлодар облысында 1500 жолшы жетіспейді. Әсіресе, жол және көпір құрылысына ауадай қажет. Қазір бұл салада қызмет істеп жүрген жолшылардың тек 10 пайызының ғана кәсіби білімі бар. Сондықтан биылдан бастап бұл бағытқа бөлінетін грант саны көбеймек. Бұл мәселені шеше ала ма? Тілшіміз анықтап көрді.
Елімізде азаматтық авиация, теміржол, көлік логистика саласында 10 мыңдай маман тапшы. Әсіресе, жол құрылысына қажетті мамандар саусақпен санарлық. Оның өзінде кәсіби білім бар мамандар 10 пайызды ғана құрайды. Павлодар облысында жолшы мамандығына сұраныс жоғары. Қазірдің өзінде 1500 орын бос тұр. Сондықтан Көлік министрлігі мәселені әріден шешу үшін мектеп түлектеріне бұл мамандықты таңдау туралы үгіт насихат жүргізуді бастап кетті.
Ғалымжан БАЙСЕЙІТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Келешекте біз білікті мамандарды даярлауымыз қажет. Сондықтан бүгін Павлодар облысы, қаласы бойынша мектеп бітіруші оқушыларды жинап, арнайы алаңға жинап біз көлік саласында қандай мамандықтар бар. Және келешекте сол мамандарды қалай пайдалануға болады сол туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Ал қазіргі жастар бұл мамандықты мүлдем білмейді. Тек қолына күрек ұстаған адам ретінде ғана елестетеді. Ал шын мәнінде жол салу да тұнып тұрған ғылым екенін көпшілігі түсіне бермейтін секілді.
Назерке ЖҰМАҒҰЛОВА, ОҚУШЫ:
Мен өзімнің болашақ мамандығым мұғалім. Біз осы техника саласындағы мамандықтар да Қазақстанда көп қажет болып саналады. Себебі өндіріс саласы болашақ технология мамандығында болашақ жастарымыз осы мамандықта білім алатындығына өте қажет болып саналады.
Ел бойынша көлікті логистика саласындағы мамандарды 9 жоғары оқу орны дарялайды. Мамандардың пікірінше, түлектердің көпшілігі бұл мамандықпен жұмыс істемейді. Соның кесірінен маман тапшылығы туындап отыр.
Қарлығаш АСАЙЫМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Павлодар облысында 44 колледж жұмыс жасайды. Бүгінгі күні жол мамандықтары бойынша 2 колледж дайындайды.
Биылдан көлік министрлігі көлік логистика саласына бөлінетін грант санын көбейтпек. Бірақ, бұл мәселені бірден шешіп тастамасы анық. Десе де, қазір жастарды сұранысқа ие мамандықтарды оқытуға басымдық берілмек.