$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Астанада пышақ жарақатын алған оқушы жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

27.05.2024ж. 20:00
586
Астанада пышақ жарақатын алған оқушы жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

Астанада кәмелетке толмаған жігіт 18 жасар қызды пышақтап өлтірмек болды. Үйінің ауласында қансырап жатқан бойжеткенді әжесі көріп, жедел жәрдем шақырған. Қазір қыз №2 көпбейінді қалалық ауруханада ем алып жатыр. Бүгін ол жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер науқастың жағдайын ауыр, бірқалыпты дейді. 

Айжан АҚАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қыздың алдыңғы ішкі қуыс қабырғасында бірнеше шаншылған жарақат анықталды. Қызға барлық көрсетілген медициналық көмек аясында ішкі қуыс аймағында ота жасалды. Дәрігерлер мұндай жағдайда нақты болжам жасай алмайды емделу бойынша, "қашан жазылады" деген. Себебі жарақаттың ауырсынуы да болуы мүмкін.

Жәбірленуші- қаладағы мектептердің бірінің түлегі. Білім ордасы хабарлағандай, зәбір көрсеткен жасөспірімнің бұл мектепке қатысы жоқ. Есіл ауданының полиция басқармасы оқиғаға қатысты «Адам өлтіруге оқталу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Эльмира ШАУЛЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.