$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Туған әкесін өлтірген ағайындыларға сот үкімі шықты

AstanaTV
27.05.2024ж. 22:13
1681
Туған әкесін өлтірген ағайындыларға сот үкімі шықты

Якутск қаласында екі ағайынды әкелерін өлтіргені үшін сотталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ресей Федерациясының Саха Республикасы бойынша Тергеу комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам денесінен алған көптеген оқ жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған. Бүгін, 27 мамырда ағайындыларға сот үкімі шықты.

 Ведомство мәліметінше, қанды қылмыс 2023 жылы 18 тамызда кешке болған. Марха ықшамауданындағы жеке шаруашылықтың аумағында 56 жастағы ер адам өзінің 25 және 28 жастағы ұлдарымен сөзге келіспей қалған. Жанжал төбелеске ұласып, содан кейін ағайындылар бірігіп атыс қаруынан әкесінің басы мен денесіне бірнеше рет оқ атқан.

Тергеушілер жиналған айғақтардың екі ағайындыны айыптау үшін жеткілікті екенін айтады. Ағайындылардың қылмысы көршілерінің атыс даусы мен жанжалдың мән-жайы туралы хабарламасынан кейін анықталды.

Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің аймақтық департаменті күдіктілерді кінәлі деп таныды. Олар қатаң режимдегі колонияда 14 жыл жазасын өтейді.