Танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында қалыңдық көйлегін киіп түскен суретін жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі алдымен тұрмысқа шыққан кезінде болған той алдындағы қызықтарын бөлісті. Артынша той көйлегін де көрсетті.
Алайда Желі қолданушылары актрисаның неліктен қалыңдық көйлегін кигеніне таңданып, сұрақ жаудырған.
"Тұрмысқа шықтыңыз ба?", "Қайта тұрмыс құрдыңыз ба?", "Түсінбедім?" - деп жазған олар.