Мешіттегі мүлікті ұрлаған Алматы тұрғыны сотталды.
Өткен жылдың қысында жас жігіт келушілердің намаз оқып жатқанын пайдаланып, қараусыз қалған жеке мүлік заттарын ұрлап кеткен. Ұрлық бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Сот отырысында азамат «Т» кінәсін мойындады, бірақ миллиондаған шығынды өтемеді.
Сот, ұрлықшыға, қауіпсіздігі орташа мекемеде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Түрксіб ауданының прокуратурасы ұрлық оқиғаларының көбеюіне байланысты азаматтарды өз мүліктерін қараусыз қалдырмай мұқият болуға шақырады.