$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Астанада 3 млн теңгенің алтын бұйымын ұрлаған ломбард қызметкері ұсталды

AstanaTV
28.05.2024ж. 12:16
1787
Астанада 3 млн теңгенің алтын бұйымын ұрлаған ломбард қызметкері ұсталды

Сарыарқа ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 33 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында әйелдің қаланың оң жақ жағалауында орналасқан ломбардтардың бірінде зергерлік бұйымдарды бағалаушы болып жұмыс істейтіні белгілі болды.

Бір ай көлемінде жұмыс істеген қаскүнем әртүрлі алтын бұйымдарды алып шығып, көрші ломбардтарға өткізген. Түскен ақшаны өз керегіне жаратқан.

Келтірілген материалдық шығын – 3 миллион теңге.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.