4 маусым, Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында «Рәміздерім – Тәуелсіздік бойтұмары» атты жас суретшілер көрмесі өтті. Онда қылқалам шеберлері патриоттық бағытта бейнелеген туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ,шараға жиналғандар Шәмші Қалдаяқовқа арналған «Шәмші» мюзиклін тамашалады. Ұйымдастырушылар осы арқылы жас өнерпаздарды өнерге қанаттандырып, отансүйгіштікке баулимыз дейді.
Қалқаман САРИН, «ГЕРАЛЬДИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ДИРЕКТОРЫ, АҚЫН:
Мектеп жасындағы оқушылардың қаламынан туған, қиялынан туған Тәуелсіз Қазақстанды жырлаған суреттер, яғни Мемлекеттік рәміздерді - туымызды, әнұранымызды, Елтаңбамызды және бір көркем солармен шығармашылық бір байланыстырып, табиғатты, Астанамызды, басқа да бір өздерінің қиялынан туған шығармаларды үйлестіріп әкеліп, осы театрда спектакльдің алдында бір сағаттық көрме ұйымдастыру болды.