$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Нидерландтан елімізге құйылған тікелей инвестиция 120 миллиард доллардан асты

28.05.2024ж. 20:00
654
Нидерландтан елімізге құйылған тікелей инвестиция 120 миллиард доллардан асты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті. Қазақстанға жұмыс сапарымен келген мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы «Ақорда» резиденциясында қарсы алды. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марк Рютте келіссөз өтетін залға барды. Әңгімелесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Мемлекет басшысы Нидерланд – Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы екенін жеткізді. Нидерландтан елімізге құйылған тікелей инвестиция 120 миллиард доллардан асты. Қасым-Жомарт Тоқаев Марк Рюттенің екі ел арасындағы байланысты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Өзіңізбен 2015 жылы кездескен едік. Сол жүздесуді ерекше ықыласпен еске аламын. Сіздің өзара тиімді ынтымақтастығымызды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сіз басқа әріптестеріңізге қарағанда Премьер-министр лауазымын ұзақ уақыт атқарып келесіз және халықаралық деңгейдегі тәжірибеңіз орасан зор. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Елдеріміз бірлескен ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатыр.