$476.27 €515.47 ₽5.41
×

«Жұмыс қарқыны өте төмен», - О.Бектенов

«Жұмыс қарқыны өте төмен», - О.Бектенов

«Жұмыс қарқыны өте төмен». Үкімет басшысы Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында су тасқыны келтірген залалды бағалау жұмыстары баяу жүріп жатқанын айтты. Осыған дейін 30 мыңнан астам отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алған. Сондай-ақ 15 мыңнан астам үй мен саяжай құрылысы тексеріліп, 11 134-іне бағалау жүргізілді. 9 мыңнан астам үй қалпына келтірілуге болатын құрылыс қатарына жатады. 4 315-і апатты жағдайда деп танылған. Өңірлерде 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталса, қайталама нарықтан 3 417 тұрғын үй сатып алу жоспарланып отыр. Олжас Бектенов жауаптыларға шығынды есептеу, бағалау жұмыстарын аптаның аяғына дейін бітіруді тапсырды. 

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Әкімдерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын. Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек. Қанат Алдабергенұлы, қатаң бақылауда ұстаңыз.