$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Солтүстік Қазақстанда көкжөтел ауруы өршіген

28.05.2024ж. 20:00
456
Солтүстік Қазақстанда көкжөтел ауруы өршіген

Солтүстік Қазақстанда көкжөтел ауруын жұқтырғындар күрт көбейді.  Жыл басынан бері аталған дертке 33 адам шалдыққан. Науқастардың дені - балалар. Сала мамандары аурудың көбейгенін балалар иммунитетінің әлсірегенімен байланыстырып отыр. Себебі, коронавирус кезінде сәбилердің басым бөлігі екпе жасау кестесінен қалып, түрлі дертке төтеп бере алмай қалған. 

 Жұлдыз БЕКМАҒАМБЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Коклюш ауа тамшылары арқылы таралады. Оның алдын алудың амалы - тек вакцинациялау. Қазір бізде 18 жасқа толмаған балалар бойынша вакцинация жүргізілуде. Яғни егерде сіз 2,3,18 айлық кезінде, я болмаса 6 жасында вакцина алмасаңыз, медициналық мекемегу барып алуға болады.