$471.46 €504.79 ₽5.53
×

Жезқазғанда 5 жасар балдырған көлікпен бірнеше адамды соғып кетті

28.05.2024ж. 20:00
377
Жезқазғанда  5 жасар балдырған көлікпен бірнеше адамды соғып кетті

Жезқазғанда 5 жасар бала көлікпен бірнеше адамды соғып кетті. Жол көлік оқиғасынан 4 жаяу жүргінші зардап шеккен. Оқыс оқиға “Гранд Палас” ресторанының алдындағы жолда болған. Көлікте өзі жалғыз қалған бүлдіршін көліктің тежегішін ағытып жіберіпті. Салдарынан машина артқа қарай жүріп кетіп тротуарда тұрған бір топ адамды соққан. Жезқазған облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бір жаяу жүргінші қатты жарақаттанғандықтан ауруханада жатыр. Қалғандары және баланың өзі амбулаториялық ем қабылдауда, олардың жарақаттары орташа және жеңіл. Ал полиция қылмыстық іс қозғаған. Баланың әкесіне қандай шара қолданылатыны сараптамадан соң анықталмақ. 

Асхат ДҮЙСЕМБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

“Тұрақта тұрған авкөлік, “Мазда” автокөлігі жүргізушісіз тежегіштен шығып кетіп артқа жүру салдарынан + соқтығысқан. +Полиция органдарымен қазіргі күнде тергеу амалдары жүргізілуде. Заңды шешім қабылданатын болады.”.