$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде атыс болып, 18 жастағы бозбала қаза тапты

28.05.2024ж. 20:00
758
Ақтөбеде атыс болып, 18 жастағы  бозбала  қаза тапты

Ақтөбеде жастар төбелесіп, бір-біріне оқ атқан. 18 жастағы бозбала қайтыс болды. Жігіттердің жас шамасы 18-22 аралығында. Ауруханаға жеткізілгендердің бірінің аяғына оқ тиген және бірнеше жерден пышақ жарақаты болған. Ол есін жимаған күйі көз жұмды. Марқұм Ақтөбе политехника колледжінде үшінші курста оқыған. Шалқар ауданы Базой елдімекеніннің тумасы отбасының жалғыз ұлы екен. Ұстаздары оны өте елгезек, адамгершілігі мол бала еді дейді. Ауылына өндірістік практикадан өтуге кеткен. Бүгін соның есебін әкеліп тапсыру тиіс болған. 

Жеңіскүл МҰХАМБЕТПАИЗОВА, АҚТӨБЕ ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКА КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Әрине, өте өкінішті жағдай. Біздің түсінігімізше, апасының айтуынша ол баланы сағат он бір жарымда телефон звондап, «Мен қазір келемін» деп шығып кеткен. Содан кейін телефонын алмаған. Сол екі ортада осындай жағдай болып отыр.

Жігіттер арасында жанжал саябақта болған концерт кезінде туындаған. Төбелеске қатысқан сегіз жігіт қазір ауруханада жатыр. Барлығының аяғынан оқ тиген. Олардың жағдайын дәрігерлер тұрақты дейді. Қазір ауруханаға арнайы күзет қойылған. Полиция қылмысты жасады деген күдікпен тағы төрт адамды ұстады. Оларға қатысты тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр. 

 Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Полиция осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт азаматтың ізін суытпай анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру және бұзақылық деректері бойынша сотқа дейіңгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық істі тергеу барысы Ақтөбе облысы ПД бастығының жеке бақылауында.