Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews басылымындағы мақаласында Қазақстан сынды елдерді жаңа күшпен әрекет етіп, әлемдік аренада қатысушы ғана емес, жауапты менеджерлер рөлін де күшейтуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мақала 28 мамырда басылым сайтында "Орта державалар мультилатерализмді құтқара алады" деген тақырыппен жарияланған (көпжақтылық- әркімге серіктестермен қарым-қатынаста артықшылықтарды пайдалануға мүмкіндік беретін көпжақты келісімдерде мемлекеттер арасындағы қатынастарды құру).
Тоқаев Қазақстан әрқашан көпжақтылықты ұстанғанын және халықаралық диалог пен бірлескен іс-қимыл үшін жаңа платформаларды үнемі іздестіретінін атап өтті. Мақаланың толық нұсқасын www.euronews.com сайтынан оқуға болады.