$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Ақтауда 12 жастағы бала жартастан құлап кетті

AstanaTV
28.05.2024ж. 22:08
1902
Ақтауда 12 жастағы бала жартастан құлап кетті

Ақтауда мектеп оқушысы жартастан құлап кетті.

12 жастағы бала бүгін 4 «А» шағынауданында орналасқан биіктігі шамамен 3-4 метрлік теңіз жағалауындағы жартастан құлаған.

Құтқарушылар баланы аман алып қалды. Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер баланың миын компьютерлік томографияға түсіріп, бас миының жабық жарақаты мен шайқалуын анықтаған. Жасөспірімнің жағдайы тұрақты.

«Қазір науқас балалар ауруханасының травматология бөлімінде. Динамикада ем тағайындалып, емделіп жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты бақылауда екенін жеткізді», - дейді облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметкерлері.