$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Канал маңынан 10 жастағы баланың киімдері табылды

AstanaTV
29.05.2024ж. 10:29
1003
Канал маңынан 10 жастағы баланың киімдері табылды

Қырғызстанда каналдың маңынан 10 жастағы баланың киімдері табылды. Кәмелет жасқа толмаған бала іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы kg_media_news инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Киімдер Бішкектегі каналдың бірінен табылды. Бұл туралы аудандық ішкі істер бөлімшесі хабар берген. Жас баланы іздеуге полиция мен еріктілер жұмылдырылған. Табылған киімдердің кімге тиесілі екені де анықталмады.

Қазір тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде.