$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Қыркүйекте «IQanat OFF-Line» сериалы жарыққа шығады

AstanaTV
29.05.2024ж. 20:00
814
Қыркүйекте «IQanat OFF-Line» сериалы жарыққа шығады

Биыл «IQanat OFF-Line» сериалы жарыққа шығады. Әйгілі «Каникулы OFF-line» франшизасының авторлары балаларға арналған тағы бір туындымен қуантпақ. 16 бөлімнен тұратын телеөнім қыркүйек айында қалың көрерменге жол тартады. 

Сериал IQanat республикалық олимпиадасында жеңіске жеткеннен кейін тағдыры өзгерген оқушы Айбол жайлы. Ауылда өскен бозбала қандай мамандық таңдарын білмей дал болады. Мектепке келгеннен кейін әр күні әртүрлі мамандық иесі ретінді өзін сынап көреді. Соңында нақты шешім қабылдайды. Елгезек баланың рөлін Саят Атабай сомдайды.

Саят АТАБАЙ, АКТЕР:

Өте қызық роль мен үшін. Өзінің мамандығын таппай жүрген бала. Әр мамандықты бір көреді. Жаңа нәрселер бастап көреді. Сонысымен қызық.

Жобаның режиссері - «Айман мен Шолпан», «Аңшы бала», «Көзіме қара», «Жаңғақ ағашы» туындыларымен танымал, Пусан кинофестивалінің бас жүлдесін алған Ерлан Нұрмұхамбетов. Ал сериалдың бас продюсері - IQanat жобасының қамқоршысы Ернар Құрмашев.

Ернар ҚҰРМАШЕВ, «IQANAT OFF-LINE» СЕРИАЛЫНЫҢ БАС ПРОДЮСЕРІ:

Біз төрт сериалды түсіріп біттік. Сериал арқылы қалың көрермен ауыл оқушыларының тағдырын өзгерте алатын IQanat бірегей жобасымен жақсырақ танысқанын қалаймын. Ауыл оқушылары мен қала оқушылары арасындағы бастапқыда берілетін мүмкіндіктер тең емес екенін баршамыз білеміз. Көбінесе ауыл оқушыларын сәл демеп жіберіп, олардың бойына өздеріне сенім ұялату керек.

Сериал Бурабайда Iqanat мектебінде түсіріліп жатыр. Бұл білім ошағында қазір 55 мыңнан астам ауыл баласы оқиды. Оның 70-80%-ы көпбалалы және толық емес отбасыдан шыққан.

Әлия САЛЫҚОВА, «IQANAT» ҚҚ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Негізі сериалдың идеясы – ауыл балаларына «IQANAT» туралы мәлімет беру. Негізі IQANAT қазақстандық бизнесмендердің әлеуметтік жобасы.

Жобаға «IQANAT» мектебінің оқушылары да түсіп жатыр. Тіпті, сериалда мектеп басшысы мен білім ұйымының қамқоршылары бой көрсетеді. Әзіл мен танымға толы туынды қыркүйек айында көрсетіледі.