$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда «АМАNАТ» партиясының мүшелері атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп берді

Алматыда «АМАNАТ» партиясының мүшелері атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп берді

Алматы тұрғындарын коммуналдық мәселелер, жұмыссыздық, балалар ойын алаңдарының жеткіліксіздігі толғандырады. «АМАNАТ» партиясы Алматы қалалық филиалының есепті кездесуінде осы және өзге де мәселелер талқыланды. Филиал төрағасы Станислав Канкуров партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, мемлекеттік секторда да, білім беру саласында да көп жұмыс атқарылған. "AMANAT" партиясы тұрғындармен, сайлаушылармен мұндай есеп беру кездесулерін жылына бір рет өткізеді. 

 Станислав КАНКУРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 Біздің қалалық маслихаттың депутаттары өз сайлаушыларының алдында есептік кездесулер өткізеді. Есептік кездесулерде біз тұрғындарға біздің сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша ақпарат береміз. Және сайлау кезінде жиналған талап-тілектердің орындалуы бойынша есеп береміз.