$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бүгін - дүниежүзілік салауатты ас қорыту күні

Бүгін - дүниежүзілік салауатты ас қорыту күні

Қазір асқазаны ауыратындар көп. Халықтың шамамен 95 пайызында ас қорыту ағзалары дұрыс жұмыс істемей, қиындық туғызып жатады. Ішкі құрылыстың қалыпты жұмыс істемеуіне қоршаған орта, тұтынған тамақ, тіпті қорқыныш пен үрей де әсер етеді. Бүгін-дүниежүзілік салауатты асқорыту күні тілшіміз мамандармен тілдесті. 

Динара ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Біздің асқазанымыз таңертең дәл осылай бос болады. Сонан соң кофе немесе шай ішіп, нан мен майды жеп аламыз. Түске дейінгі тіскебасарымыз бар, онан соң түскі асты ішіп аламыз. Көп жағдайда фасфуд жейміз. Қарнымыз ашпаса да, түстен кейін әр нәрсені тағы тұтынамыз. Ал кешке тойып тамақ ішеміз. Енді мынау ұйықтар алдындағы асқазанымыздың жағдайы. Өзіңіз көріп тұрғандай бәрі былығып жатыр.

Қазір тамақтың түр-түрі бар. Осыған сәйкес, аурудың да түрлері күн санап көбейіп барады. Дәрігерлердің айтуынша, адам бойындағы сырқаттың дені асқазан-ішек жолдарының дұрыс болмауынан, қалыпты жұмыс істемеуінен туындайды.

Заря ТОҚАЙ,  ГАСТРОЭНТЕРОЛОГ:

Көбінесе жиі кездесетін бұл фукционалды диспипсия және ас қорыту ағзаларының қышқылдыққа тәуелді аурулар бұл гастроэзофогияльды рефлюкс ауруы. Асқазан, он екі ішек ойық жарасы, созылмалы гастрит және де басқа аурулар бұл созылмалы панкреатит өт-тас ауруы.

Мамандардың айтуынша, сау адамның ағзасында миллиардтаған пайдалы бактериялар бар. Егер олардың саны немесе сапасы бұзылса адам сырқаттанады.

Жанна НҰРБЕРГЕНҚЫЗЫ ,АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ, НУТРИЦИОЛОГ:

Жалпы ішекте болған проблеманың барлығы денеге шығады. Ол экзема, псориаз, неше түрлі крапивница, қышымалар түрлі, аллергиялық реакциялар түрлі. Соның барлығының негізгі себебі – ішекте. Ең бірінші себебі осы токсиндер, шлактар біздің ішегімізді толтыратын. Біздің пайдалы бактерияларымыздың өмір сүруіне кедергі жасайды.

Маман диета мен дұрыс тамақтанудың жөні екі бөлек екенін айтады. Дұрыс тамақтану кезінде қуырылған және тәттілерді де пайдаланған абзал дейді. Алайда көп мөлшерде емес. Сондай-ақ дұрыс тамақтанудың жөні осы екен деп пайдалы тағамдарды да шамадан тыс пайдалану ағзаға қауіп төндіреді.