$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде тонналаған қой жүні мен терісі далада рәсуа болып жатыр

29.05.2024ж. 20:00
398
Ақтөбеде тонналаған қой жүні мен терісі далада рәсуа болып жатыр

Ал Ақтөбеде малдың терісі мен жүні рәсуа болып далада жатыр. Шаруалар тонналаған қой жүні мен терісі қайда жіберерін білмейді. Өйткені өңірде оны қабылдайтын, өңдейтін бірде бір өндіріс орны жоқ. 

Талғат Нұржігітов он үш жылдан бері мал шаруашылығымен айналысады. Қорасында мыңдаған ірі қара, төрт жүздей ұсақ мал бар. Бірақ ол малдың етінен ғана пайда тауып, жан бағып отыр. Жылына жүзге жуық ірі қараныңтерісі мен 2 тоннаға жуық жүні шығады. Бірақ оны кәдеге жарата алмай, қор қылып отыр.

Талғат НҰРЖІГІТОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қой мен сиырдың терісін алмайды, қабылдамайды. Сойылып жатқан ірі қара мал терісін жүндерін далаға тастап жатырмыз. Осы проблема жылда. Шіриді далада жатады. Тесіктерге тығамыз. Ораймыз бір жерлерді.

Бұрын бұл ақ қойдың жүні тоқыма өндірісінде пайдаланылатын. Ал ірі қара терісі былғары киім , аяқ киім өндірісі үшін қолданылды. Қазір бұл өнімге сұраныс жоқ. Облыстағы төрт мыңға жуық шаруаның кешкен күйі осы. Барлығы да малдың жүні мен терісін қайда жіберерін білмей отыр.

Марлен БАЛМАҒАМБЕТОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл шашылғаны бір бәле. Құрт құмырсқа жинайды. Бұны қораға сақтауға келмейді.Кезінде біздер тері тапсырып, сол ет комбинатының шығынын сойған шығынды өтейтін едік. Бір шаруашылық жылына 100 бас мал сойса шығынын өтер еді.

Мамандардың айтуынша , өңірде тері мен жүн өнімдерінің 90 пайызы жойылады. Биыл оны өңдейтін өндіріс орны іске қосылмақ.

Панабек БИМҰРАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Жүнді терең өңдеу бағытына инвестициялық бағытын құрал жабдық алуға инвестициялық субсидия қағидаларына өзгеріс енгізіліп, ол үкімет тарапынан қолдау тапты.Қазір құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша 2024 жылдың желтоқсан айында зауыт іске қосылуы тиіс.

Зауыт іске қосылса, жылына 3 мың тоннаға жуық жүн өңделеді. Сонымен қатар келер жылдың соңына дейін ірі қара терісін өңдеп, желатин дайындайтын өндіріс орны ашылады деген жоспар бар.